RU

Аружан Саин Сәтбаевтағы бес жасар қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Балалар омбудсмені Сәтбаев қаласында бес жасар қыздың ұрлануына қатысты пікір білдірді. Өз ойын Аружан Саин Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аружан Саин Сәтпаевтағы бес жасар қыздың ұрлығына қатысты пікір білдірді

Фото: Ашық дереккөз: UGC

Омбудсмен зардап шеккен қыздың ата -анасымен байланысып отыр. Ол жәбірленушінің өкілдерімен алдағы уақыттағы істерді, әсіресе, заңгер мен психологтың көмегі жөнінде талқылаған.

Саинның айтуынша, қазіргі уақытта бірнеше сот-медициналық сараптама жасалған. Істі өз бақылауына алған балалар омбудсмені Ішкі істер министрлігінің басшысымен сөйлескенін де айтады. Ол министрлік басшылығы аталған жайттың тергеу жұмыстарын жеке қадағалайтынына сендіріп отыр.

Сонымен қатар, Аружан Саин шулы оқиға орын алған облыс әкімімен де байланысты үзбеген. Айтуынша, ол жергілікті биліктен зардап шеккен қыздың жанұясына жан-жақты көмек көрсетуді сұраған.

Қазіргі уақытта ата-анамен ювеналды іс бойынша адвокат байланысты. Балаға тергеу жұмысы уақытында жанұя мен балаға көмек көрсететін психолог жіберілді.

Тағы да оқыңыздар

Шорнақтағы жанжал: Тұрғымбаев пікір білдірді

Айта кетейік, осыған дейін Ішкі істер істер министрі Ерлан Тұрғымбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Сәтпаев қаласындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Аружан Саин Сәтбаевтағы бес жасар қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді