RU

Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақ мерзімін қалай қысқартуға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Джордж Мейсон университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анча Баранова вакцинаны сынақтан өткізу процесін қалай тездетуге болатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Вакцинаны тезірек сынақтан өткізудің тағы бір жолы – сынақ жұмыстарының үшінші сатысын қауіп-қатердің ортасында жүргізу. Мәселен, ауру жұқытыру қаупі жоғары жағдайда жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерін сынаққа қатыстырып, ғалымдар вакцинаның қалай әсер ететінін бақылауы тиіс. Мүмкін оны мобильді қосымшаның көмегімен іске асыруға болатын шығар, адамдар сол арқылы өз ахуалдарын белгілеп отырар еді", – дейді Баранова.

Ол вакицнаны сынақтан өткізудің стандартты әдісі бойынша бір топ еріктіге вакцина, ал екіншісіне физиологиялық ерітінді берілетінін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

"Бәрі өз қолымызда": Есмағамбетова 2 тамыздан кейін не болатынын мәлімдеді

Дәрігерлер де, сынаққа қатысушылар да вакцинаның кімге берілгенін білмейді. Кейін еріктілер үйлеріне қайтып, қалыпты өмірлеріне оралады.

Ал ғалымдар ауру жұқытру көрсеткіші мен індеттің қалай өтіп жатқанын бақылайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салу 2021 жылға дейін басталмайтынын мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақ мерзімін қалай қысқартуға болады