Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мемқызметкерлердің қазақ тілін меңгеруі жаңаша тексерілмек

Опубликовано:

Мемлекеттік қызметке үміткерлер енді қазақ тілінен жетілдірілген тест тапсырады. Бұл отандық шенеуніктердің сауатының төмендігіне байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына сілтеме жасап.

Елде мемқызметкерлердің қазақ тілін меңгеруі жаңаша тексерілмек
Көрнекі фото: azh.kz: UGC

Осы жылдың мамыр айында мемлекеттік басқару Академиясы алғаш рет қазақ тілін деңгей бойынша оқыту тұжырымдамасының негізіне сүйене отырып, "RESMI QAZTEST" деп аталатын қазақ тілінен тестілеудің жаңа форматын әзірледі. Пилоттық режимде іске қосылған тест мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тест қазіргі таңда Академияға оқуға тапсырған үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру құзыреттілігін анықтау мақсатында білім беру бағдарламаларына іріктеу жүргізу кезінде, яғни, конкурстық іріктеу кезеңінде қолданылып, апробациядан өту үстінде.

Тестілеу жоғары оқу орнынан кейінгі ересек аудиторияның  қазақ тілінің ғылыми, ресми, публицистикалық стильдері бойынша әр түрлі көлемдегі бірізді мәтін құрастыру (баяндамалық, талдамалы-сараптамалық), көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын деңгейлеп анықтауға мүмкіндік береді.

"Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде қазақ тілі балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін оқытылады, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілген, ал, жоғары оқу орнынан кейінгі тілді кәсіби саланың бағытына бейімдеп оқыту нормативті-құқықтық тұрғыдан  қарастырылмаған.

Мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі қазақ тілін ауызекі стилінде ғана қолданады, ресми стильдің жазылымы мен мәтін құрастыру техникасын, әдіс-тәсілдерін жоғары оқу орнында игермеген,   көпшілік алдында сөз сөйлеудің стратегияларын қолданбайды",-деп атап өтті "RESMI QAZTEST" тестілеуін құрастырушылардың бірі, Мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі Нәзигүл Төленбергенова.

Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында дамушы елдерге 500 млн доллардан көп сомада көмек көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866585-elimizde-memkyzmetkerlerdi-kazak-tilin-megerui-zaasa-tekserilmek/

pixel