Выйти
RU

Вирусты пневмония жұқтырған медицина қызметкерлері де әлеуметтік төлем алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне ауру жұқтырған немесе көз жұмған жағдайда төленетін қаражат ережелерін реттейтін бірлескен қаулысына өзгеріс енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Вирусты пневмония жұқтырған медицина қызметкерлері де әлеуметтік төлем алады

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Құжатқа сәйкес, енді медицина қызметкерлері вирусты пневмония жұқтырған жағдайда бір реттік әлеуметтік төлемақы алады. Ал қайтыс болса, қаражат олардың жанұясына табыс етіледі.

Осыған дейін бұл ережелер тек коронавирусқа ғана қатысты еді.

Айта кетейік, 21 шілде күні Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой коронавирус жұқтырған және қайтыс болған медицина қызметкерлерінің санын атаған. Ол уақытта медицина қызметкерлері арасында 59 адам қайтыс болған.

Ал өткен тәулікте елде коронавирус жұқтырған тағы 1687 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 78 486-ға жетіп отыр.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 610 адамға жетті

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус статистикасы қалай жүргізілетінін айтып берген еді. Енді елде пневмония мен коронавирус статистикасы біріктіріледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Вирусты пневмония жұқтырған медицина қызметкерлері де әлеуметтік төлем алады