Выйти
RU

Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу мәселесі қарастырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмек

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

2020 жылғы 24 шілдеде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде видеоконференциялық байланыс арқылы "Гидробиология және экология институты" мен "Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты" ЖШС өкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысы өтті.

"Комиссия отырысында каспий итбалығын (Pusa Caspica) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізу ұсынысы қолдау тапты.
Итбалықтарды қорғауға ықпал ету үшін және болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақ құруға маңызды бастамалардың бірі болмақ. Қазіргі уақытта каспий итбалығы басқа Каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген", – деді Сәкен Ділдахмет.

Тағы да оқыңыздар

Алакөлде жабайы үйректер жаппай қырылып жатыр (фото, видео)

Еске сала кетсек, Ақтаудағы демалушылардың Каспий теңізіндегі итбалыққа тас лақтырғаны туралы бейнеролик қазақстандықтардың ашуын туғызды. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілі Сәкен Ділдахмет жағдайға байланысты пікір білдірген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмек