RU

Атырауда коронавируспен күреске 2 мыңнан аса медқызметкер жұмылдырылған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында COVID-19 індетімен күреске 2 мыңнан аса медицина қызметкері тартылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырауда коронавируспен күреске 2 мыңнан аса медқызметкер жұмылдырылған

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұдан бөлек, өңірде қазіргі уақытта 278 медицина қызметкері тапшы. Қазіргі уақытта облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі шешімін тауып жатыр. Ол үшін ішкі ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылданып, медицина факультетінде оқитын жоғары курс студенттері пандемиямен күреске тартылды.

Өткен демалыс күндері Атырау облысына Батыс Қазақстан медицина университетінің 32 түлегі, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан атыраулық 102 интерн мен резидент келді.

Қалған 70 дәрігер бір айдың ішінде келеді деп күтілуде. Айта кетейік, бұған дейін өңірге Ақтөбе облысынан - 8 дәрігер, Ресей Федерациясынан - 11 дәрігер, оның ішінде Астрахан облысынан 5 дәрігер келген еді. Бүгінде олар облыстағы медициналық мекемелерде қызмет атқаруда.

Тағы да оқыңыздар

"Кәсібилігін бағалады": Мәскеулік мамандар алматылық дәрігерлер туралы не деді

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов індет кезіндегі тамақтану мен гигиенаның рөлі туралы айтып берді. Оның сөзінше, бірінші кезекте науқастың тамағына ерекше көңіл бөлу қажет.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда коронавируспен күреске 2 мыңнан аса медқызметкер жұмылдырылған