Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазпоштаға" жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

"Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына Қанат Алпысбаев тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтме жасап.

Қанат Алпысбаев. Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ
Қанат Алпысбаев. Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ: Facebook
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының шешімімен Алпысбаев Қанат Қалиұлы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қанат Алпысбаев Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген..

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры болған, 2008 жылдан 2018 жылға дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет етті.

Ал осыған дейін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, жақында премьер-министр Асқар Мамин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына үкімет қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқаратын болды.

Сондай-ақ үкімет қаулысымен Әсел Жанасованың сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалғанын хабарлағанбыз. Айта кетейік, бұған дейін ол «Астана» Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1866691-kazpostaga-zaa-bassy-tagajyndaldy/

pixel