RU

Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 жасар баланы тапты (видео)

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары жоғалған баланы тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Facebook

Шымкент қаласы полиция департаментінің "102" жедел басқару орталығына Абай ауданы, Гагарин көшесінің тұрғыны өзінің үш жасар баласының жоғалып кеткені туралы арызданған.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Н.Мақұлбеков және А.Ахметов жоғалған баланы іздеу шараларын жүргізген.

Нәтижесінде бүлдіршін Гагарин көшесі бойындағы “Шымқала” тойханасының маңайынан табылған. Шұғыл әрекет еткен полиция қызметкерлері баланы аман-есен анасына табыстады.

Еске сала кетейік, жақында Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жасар қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған еді.

Балақайдың жоғалып кеткені туралы хабарлама Сәтбаев қаласының полиция департаментіне 23 шілде күні 21.00-де түскен.

Қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде қыз бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды.

Бала ұрлағы бойынша күдіктелген азамат қамауға алынды, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне тапсыруды талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1866696-symkenttik-policejler-zogalgan-3-zasar-balany-tapty-video.html