Выйти
RU

Шілде айында 42 500 теңгені қанша қазақстандық алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Биылғы шілде айында 1 676 000 қазақстандық 42 500 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

"Шілде айында шектеу шаралары енгізілуіне байланысты табысыннан айырылған азаматтардан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлемді тағайындау үшін 2,1 миллионға жуық өтініш түсті. Төлем ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңгеге тең", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда 1,7 миллион адамға төлем тағайындалды. Ал ақша 1 миллион 676 мың қазақстандыққа аударылды.

Азаматтардан өтініштер мынадай санаттар бойынша тіркелді:

  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерден – (проактивті форматта) 804,4 мың;
  • жұмыс берушілердің қызметкерлерге берген өтініші бойынша – 150,2 мың;
  • азаматтардың басқа санаттарынан – (жеке кәсіпкерлер; жеке кәсіппен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс алатын адамдар) 1 миллион 144 мың өтініш түсті.

Тағы да оқыңыздар

600 мыңнан аса қазақстандық үшін АӘК тағайындау мерзімі ұзартылды

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрфин журналистері шілде айына арналған 42 500 теңге әлеуметтік төлем кімдерге берілмейтінін анықтаған болатын.

Әлеуметтік төлемді биылғы шілде айына дейін жұмыс істеп, енгізілген шектеу шараларына байланысты қызметі мен табысы тоқтаған қазақстанрдықтар ғана ала алады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шілде айында 42 500 теңгені қанша қазақстандық алды