Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны артты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі қатаң карантиндік шектеулердің арқасында қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін баяндады. Ведомствоның мәліметінше, 25 күн ішінде аурудың өсімі шамамен екі есе азайған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтының Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда жазылған науқастардың үлесі 63,8 пайызды құраған.

2020 жылғы 1 шілдеден 25 шілдеге дейін:

  • COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4% - дан 2,1%-ға дейін төмендеді;
  • жедел жәрдем шақыру 35% - ға қысқарды, оның ішінде КВИ бойынша 37%;
  • реанимациялық төсек-орындармен қамтамасыз ету 73% - дан 57%-ға дейін төмендеді;
  • провизорлық және инфекциялық стационарлардың жүктемесі 54%-ға дейін азайды.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты. Өткен тәулікте қауіпті індет тағы 1740 адамнан анықтаған.

Сондай-ақ бұған дейін Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов індет кезіндегі тамақтану мен гигиенаның рөлі туралы айтып берген еді.

Оның сөзінше, бірінші кезекте науқастың тамағына ерекше көңіл бөлу қажет.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны артты