Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда аурухананың бас дәрігері коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада екінші қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Иван Ли қайтыс болды. Шамамен бір ай бұрын одан COVID-19 індеті анықталған. Сол уақыттан бері дәрігерлер хирургтың өмірі үшін арпалысқанымен, өкінішке орай, науқасты аман алып қала алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иван Ли. Фото: astanaclinic.kz

Иван Ли. Фото: astanaclinic.kz: UGC

60 жастағы бас дәрігердің өмірден озғанын Facebook желісінде оның пациенттері мәлім етті. Қазақстандықтар Иван Лидің көптеген адамның өмірін сақтап қалғанын жеткізді.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі қаралы хабарды Tengrinews.kz порталына растады.

Иван Ли 1960 жылы Қарағандыда туған. Жоғары білім алған соң туған жерінде бірнеше жыл хирург және уролог болып жұмыс істеген.

1991 жылы Алматыға көшіп келіп, әр жылдары қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары, №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, облыстық диагностикалық орталықтың директоры қызметтерін атқарды.

Кейіннен Нұр-Сұлтанға ауысып, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.

Екі рет оңтүстік астананың мәслихатына депутат болып сайланған. Көптеген мемлекеттік және халықаралық марапаттарға, атақтарға ие болған.

NUR.KZ редакциясы Иван Лидің отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі жұқпалы ауруларға арналған аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаровтың пневмониядан көз жұмғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда аурухананың бас дәрігері коронавирустан көз жұмды