Выйти
RU

Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы неше уақытқа жалғасатынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары коронавирус індеті тағы неше уақытқа жалғасатынына болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, Оңтүстік Кореяда Билл Гейтс қорының демеуімен вирусты бастапқы кезеңде анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынған. Онлайн режимде өткен конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты.

Жиын барысында Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін "тер төгіп" жатқанын мәлім етті. Ол коронавирус пандемиясы тағы 2 жылға жалғасады деп болжап отыр.

Себебі адамдар Covid-19 вирусын алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайтынын айтады. Ғалымның сөзінше, "Бір денсаулық" қағидасы сақталса, вирус болмайды.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирус: Цой 1 тамыздан бастап статистика қалай жүргізілетінін айтты

"Өткенде адамдар не істеді? Олар джунгли мен орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырды.

  • SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды.
  • Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды.
  • Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды.
Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы "Пандора жәшігін" ашты. Сол себепті аурулар таралуын болдырмау үшін "Бір денсаулық" қағидасын сақтау қажет. Ол адамзат, табиғат пен жануарлар бірге үйлесімді өмір сүру керек деген сөз", - деді Ким Ву Джу.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты. Өткен тәулікте қауіпті індет тағы 1740 адамнан анықтаған.

Тағы да оқыңыздар

ДДСҰ басшысы: Карантин коронавирусты жоюға көмектеспейді

Сондай-ақ бұған дейін Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов індет кезіндегі тамақтану мен гигиенаның рөлі туралы айтып берген еді.

Оның сөзінше, бірінші кезекте науқастың тамағына ерекше көңіл бөлу қажет.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы неше уақытқа жалғасатынын айтты