Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаевтағы жағдай: 5 жасар қыз баланың ата-анасы алғаш рет ел тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Сәтбаев қаласында 23 шілдеде жоғалып, кейін бөтен пәтерден табылған 5 жастағы қыз баланың ата-анасы үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бүлдіршіннің ата-анасының үндеуі Instagram әлеуметтік желісіндегі etozhez тобында жарияланды.

"Бірінші кезекте біз – қыздың ата-анасы өз атымыздан қаланың жұртшылығы мен еріктілерге қызымызды іздестіруге атсалысып, үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз! Қызымыздың табылуына сіздердің септіктеріңіз тиді.

Балапанымызға және оның отбасына білдіріп жатқан жылы лебіздеріңіз бен қолдауларыңызға рақмет айтамыз. Қазіргі күні қызымыздың жағдайы мамандар тарапынан жақсы деп бағалануда. Бізбен психологтар мен арнайы дәрігерлер күнделікті байланыста отыр. Сондай-ақ біз Қазақстан Республикасының бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен де тығыз байланыстамыз. Ол өз тарапынан қажетті мамандар мен реабилитациялық емханаларды табуға, сондай-ақ адвокат пен құқықтық қорғауды ұйымдастыруға көмегін тигізіп жатыр.

Ерекше алғысымызды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-іне білдіреміз. Компания басшылығы қызымызды реабилитациядан өткізуге жұмсалатын шығындардың бәрін өтеуге шешім қабылдады. Сол себепті қаржылай көмекке мұқтаждығымыз жоқ.

Тағы бір айтарымыз: қызымыздың суретін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратуды, оқиғаға қатысты түрлі пікірлер мен жалған ақпараттарды таратуды доғаруларыңызды сұраймыз. Біз болған оқиғаны тезірек ұмытқымыз келеді. Үлкен өтініш: қаржылай қор ұйымдастыруды, түрлі жиын өткізуді тоқтатыңыздаршы! Біздің басымызға түскен қайғы басқа келеңсіз оқиғалардың себебі болуын қаламаймыз. Бұның бәрі біздің отбасы үшін ауыр соққы әрі сол қайғылы күнді ойымызға сала береді. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Барлықтарыңызға алғысымызды білдіреміз!" - делінген үндеуде.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866730-stpaevtagy-zagdaj-5-zasar-kyz-balany-ata-anasy-algas-ret-el-trgyndaryna-ndeu-zasady/

pixel