RU

Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар саны 40,5 пайызға азайды

Telegram logo VKontakte logo

Нұр-Сұлтанда 5 шілдеден бастап енгізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны 40,5% – 1348-ден 793-ке дейін азайды. Сонымен қатар коронавирус стационарларына түскен науқастар саны 50,3%-ға кеміді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар саны 40, 5 пайызға азайды

Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

"Карантин шаралары, емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту және қала тұрғындарының санитария нормаларын қатаң сақтауы денсаулық сақтау жүйесіне, дәрігерлерге жүктемені айтарлықтай төмендетті. Жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны екі еседен астам азайды – тәулігіне 2400-ден 1129-ға дейін (52,3%). Соның ішінде КВИ бойынша – күніне 350-ден 112-ге дейін.

Карантинге дейін, коронавирустың ауыр дәрежесімені науқастар медицина мекемелеріне бірінен соң бірі түсіп жататын – дәрігерлер физикалық, моральдық тұрғыдан өте ауыр тиді. Денсаулық сақтау мамандары әр науқас үшін соңына дейін күресті. Қазір ауыр науқастар саны азайды.

Тағы да оқыңыздар

Ресейлік мамандар шымкенттік дәрігерлердің жұмысына қандай баға берді

Екі күн бұрын дәрігерлеріміз өкпесі 100%, 90% қабынған науқастарды емдеп шығарды. Азаматтардан карантин алынып тасталғаннан кейін де инфекцияның алдын алу үшін санитария нормаларын қатаң сақтауды сұраймыз", – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Осылайша, КВИ-ден емделіп шыққандар саны 67%-ды құрады – 9494 науқастың 6607-і сауығып шықты. Төсек-орын қорының жүктемесі 90%-дан 47%-ға азайды.

Айта кетейік, елордада екінші қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Иван Ли қайтыс болды. Шамамен бір ай бұрын одан COVID-19 дерті анықталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар саны 40,5 пайызға азайды