Выйти
RU

Ғалымдар коронавирустың тағы бір құпия тұсын тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Техас университетінің ғалымдары коронавирусты зерттеу барысында тағы бір тың дерекке қол жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Ғалымдар коронавирустың тағы бір құпия тұсын тапты

Көрнекі фото: hightech.fm: Instagram

Мамандар жұқпалы дерттің адам ағзасындағы жасушаларға енуіне негіз болатын басты ферментін тапты.

NSP-16 (Эн-Эс-Пи-16) деп аталған ақуыз денедегі жасушалардың ағзаға түскен коронавирусты бөтен деп танып, онымен күресуіне мүмкіндік бермейді екен. Осылайша, вирустың адам ағзасына тез еніп, көбеюіне жол ашатын көрінеді.

Ғалымдар бұл келешекте жұқпалы дертке қарсы жаңа дәрілерді жасап шығаруға көмектеседі деп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары коронавирус індеті тағы неше уақытқа жалғасатынына болжам жасады.

Оңтүстік Кореяда Билл Гейтс қорының демеуімен вирусты бастапқы кезеңде анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынған. Онлайн режимде өткен конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты.

Тағы да оқыңыздар

Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы неше уақытқа жалғасатынын айтты

Жиын барысында Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін тер төгіп жатқанын мәлім етті.

Ол коронавирус пандемиясы тағы 2 жылға жалғасады деп болжап отыр. Себебі адамдар Covid-19 вирусын алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайтынын айтады. Ғалымның сөзінше, "Бір денсаулық" қағидасы сақталса, вирус болмайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар коронавирустың тағы бір құпия тұсын тапты