Выйти
RU

Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды (видео)

Фото: polisia.kz: UGC

Бұл мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында, Шевченко көшесінде орналасқан. Түннің бір уақытында, тексеру кезінде 30 адам “Веселидзе” кафесінде уақыттарын өткізген, ал, қабырғаның ар жағында орналасқан “Бакинский бульварында” 60-қа жуық демалушы анықталды.

Осы мекеме басшыларына қатысты ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде "халыққа химиялық у шашылып жатқаны" жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталғанын хабарлаған едік.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде қатерлі індеттің қайдан шыққанын айтып, халыққа химиялық у шашылғанын жария еткен.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды

"Әйел әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жалған ақпарат таратқан. Оның видеожазбасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тексерілді.

Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап қасақана жалған ақпарат тарату қылмысы үшін жазаға тартуды көздейді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды (видео)