Выйти
RU

Балалар зорлық-зомбылығы үшін жаза күшейту керек пе: Ерлан Қарин пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Карин балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттілігі туралы ұсынысқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Оның айтуынша, соңғы оқиғаларға байланысты желідегі кейбір қолданушылар балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту қажеттілігін айтқан. Осыған орай президент кеңесшісі былтыр мемлекет басшысының бастамасымен ондай шаралар қабылданғанын жеткізді.

Қарин былтыр қыркүйек айында президенттің Қазақстан халқына жасаған алғашқы жолдауында сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия мен есірткі және адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жеке адамдарға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін шұғыл түрде жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске салды.

30 желтоқсанда президент 2020 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген "Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды нығайту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Тағы да оқыңыздар

Атырауда итті тұншықтырған ер адамға қатысты іс қайта қозғалды

Заңның жаңа нормаларына сәйкес, орташа ауырлықтағы зорлық-зомбылық ауыр қылмысқа ауыстырылды.

14 жасқа дейінгі балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сонымен қатар, педофилия фактілері туралы хабарламау, жасыру, бұрмалау фактілері үшін де жауапкершілік жүктеледі. Заңда бұл енді ауыр қылмыс болып табылып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.

Айта кетейік, бүгін ішкі істер министрлігі Балқашта осыған дейін 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған полиция қызметкерінің ұсталғанын мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Балалар зорлық-зомбылығы үшін жаза күшейту керек пе: Ерлан Қарин пікір білдірді