Выйти
RU

Атырауда пандемиямен күреске тартылған жас дәрігерлер жағдайларын баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов енді ғана жергілікті медициналық мекемелерге жұмысқа кіріскен жас дәрігерлермен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Белгілі болғандай, интернатура және резидентура бітіріп келген 55 маман Атырау қаласындағы және аудандардағы емдеу мекемелеріне жұмысқа кіріскен.

Жас мамандармен кездесу барысында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов медицина саласының ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқандығын атап өтті.

Айтуынша, қазіргі уақытта облыста 9000 медицина қызметкері болса, оның ішінде 2000 медицина маманы пандемиямен күреске жұмылдырылып отыр. Оның үстіне, өңірде 278 дәрігер жетпейді. Бүгінгі таңда Жылыой, Құрманғазы аудандарында ауруханалар салынуда. Сонымен бірге, Атырау кардиоорталығына жапсарлас ғимарат ашылады.

Тағы да оқыңыздар

Атырауда тағы бір дәрігер көз жұмды

Аймақ басшысы медицина және білім саласы мамандарын дайындауға қашан да басымдық берілетінін, жас мамандарды әлеуметтік қолдау жалғасатынын жеткізді.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров бұған дейін хабарлағандай, аймаққа жалпы саны 122 жас маман келеді. Қазіргі кезде олардың алды жұмысқа кірісіп кеткен.

"Коронавирус індетіне байланысты, жас мамандардан қосымша көмек болады деп күтілуде. Мамандардың жалақысы заң шеңберінде көрсетілген деңгейде төленеді. Егер инфекциялық немесе провизорлық стационарға жұмысқа кіріссе, министрлік бұйрығына сәйкес үстемеақы бөлінеді.
Емдеу мекемелері басшыларынан түскен сұранысқа сай, мамандар үймен қамтамасыз етіледі", – деді Қабдықапаров.

Жақында ғана пандемиямен күреске жұмылдырылған отбасылық жұп өз жұмыстары туралы әңгімеледі.

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев: Баяндама бетінде жағдай бақылауда болғанымен, іс жүзінде олай емес

"Жұмысқа 20 шілде күні кірістік. Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық стационардамыз. Науқастарды қабылдап, жағдайларын бақылаймыз. Ауру тарихына қатысты құжаттар толтырамыз.
Қазіргі уақытта облыстық әкімдік жалдап берген «Достық» қонақ үйінде тұрамыз. Ауруханаға автобус тасымалы ұйымдастырылған. Бүгінде ахуал тұрақталып, науқастар саны азаюда. Десе де, осындай қиын жағдайда халыққа көмек көрсетіп жатқанымызға қуаныштымыз", – дейді Насыр мен Альбина Оңғарбаевтар.

Облыстық аурухананың провизорлық стационарында жұмыс істеп жатқан тағы бір маман Дмитрий Ли жатақханаға жайғастырылғанын жеткізді.

Ол үш мезгіл ас-ауқатпен, қажетті қорғаныс киім-кешектермен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақтөбе медициналық академиясын аяқтаған 53 маманның 11-і стационарлық ауруханаға, 27 –сі бастапқы медициналық көмек көрсететін емханаларға жұмысқа кірісті. Қалған 15 маман аудандарға жіберілді.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 81 мыңнан асты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда пандемиямен күреске тартылған жас дәрігерлер жағдайларын баяндады