RU

Айдос Ербосынұлы үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

Айдос Ербосынұлы
Фото: Фото: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Минскіде өткен бокс кешінде германиялық боксшы Нуху Лавальді жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшы өзіне тиесілі (WBO Global, WBC Asia және WBA International) үш титулды қорғады.

Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Нәтижесінде судьялар бірауыздан жеңісті Ербосынұлына берді. Жекпе-жек кезінде Лаваль екі рет нокаутқа түскен.

28 жастағы Айдос үшін бұл кәсіби мансабындағы 14 жеңіс.

Лаваль үшін бұл кәсіби мансабындағы 7 жеңіліс болды. Германияның намысын қорғаған боксшы бұрын WBA титулын иемденген.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға шыққан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 3 тамызда қайта жалғасатынын хабарлаған едік.

Ендігі кезекте Қазақстан чемпионатын Алматы қаласында өткізу жоспарланып отыр. Ойындар Алматы және оған іргелес орналасқан Талғар қалаларында өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1866806-ajdos-erbosynly-s-titul-sin-kreste-zeiske-zetti.html