Ақтау тұрғыны бас санитар дәрігердің жағажайларды жабу туралы шешімінің нәтижесін көрсетті
Опубликовано:
Ақтау қаласының тұрғыны адамға лық толы ақылы жағажайды видеоға түсіріп алды. Ролик кадрларында ер адам бас санитар дәрігердің қаладағы жағажайларды жабу туралы шешімі туралы пайымдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кадр сыртындағы автор Ақтаудың "Достар" деп аталатын ақылы жағажайын көрсетті. Бұл жер демалушыларға толы, суда да, жағада да адамдар көп.
Lada.kz басылымының хабарлауынша, жиналған халық әлеуметтік қашықтықты, сақтық шараларын немесе кез келген басқа да "анти-ковидті" шараларды мүлдем ескермейді.
Алайда, ер адамды жағажайдың халыққа лық толып кетуі емес, осындай жағдайдың туындауына алып келген бас санитар дәрігердің тыйымдары көбірек уайымдатты.
Автор адамдарға барлық жағажайда шомылуға рұқсат беріп, жұқтыру қаупін азайтуға болар еді деген сенімде. Алайда оның орнына бас санитар дәрігердің қаулысымен барлық қалалық жағажайлар жабылып, салдарынан халық жаппай ақылы жағажайда жиналып алған.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда карантин күшейтілгені және коронавирус пандемиясымен күресу үшін мұнда өткізу пункттері қайта орнатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Олар тұрғындар арасында танымал жағалаудағы аудандарда орналасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866809-aktau-trgyny-bas-sanitar-drigerdi-zagazajlardy-zabu-turaly-sesimini-ntizesin-krsetti/