Выйти
RU

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі 41 жасында қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров бүгін таңертең ауруханада қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Жолан Омаров

Фото: Facebook/Жолан Омаров

Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

Жолан Омаров бүгін 27 шілдеде таңғы сағат бесте қайтыс болған. Ол екі апта бұрын пневмониямен ауруханаға жатқызылған еді.

Айта кетейік, Жолан Ыбрайахынұлы 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген. Марқұмның артында жары мен 4 баласы қалды.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын Алматы облысы Ұзынағаш ауылында "КИРЗАВОД-1" ЖШС атқарушы директоры болып бастады.

Әртүрлі жылдары Алматы облыстық жер қатынастары басқармасында, Алматы облыстық туризм басқармасында жұмыс істеді.  Алматы облысының жер қатынастары басқармасын басқарды.

Тағы да оқыңыздар

"Алты баласы қалды": Айгүл Мүкей ағасынан айырылған Ләйлә Сұлтанқызына көңіл айтты

2017-2019 жылдар аралығында Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болды.

2019 жылдың қыркүйегінен Талғар ауданының әкімі қызметін атқарды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың пневмониядан қайтыс болғаны хабарланды. Өңір басшысы Амандық Баталов Facebook желісіндегі парақшасында марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды", - деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысы Талғар ауданының әкімі 41 жасында қайтыс болды