Выйти
RU

Түркістан облысында карантин кезінде той өткізген тұрғындар анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сайрамдық полицейлер карантин кезінде қонақтар шақырып, той өткізіп жатқан тұрғындарды анықтап, жиынды тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сайрамда той өткізген тұрғындар анықталды

Фото: polisia.kz: UGC

Кезекті жұмыс күнінде Сайрам АПБ-ға Манкент ауылындағы тұрғынның бірі өз үйінде 50-ден астам азаматты жинап, келін түсіру тойын өткізіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ақпарат алысымен аталған мекенжайға аудандық полицейлер мен әкімдік қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ тез арада жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде полицейлер ығы-жығы адам жиналған тойды тоқтатты. Карантин талаптарын сақтамай, өрескел құқық бұзғаны үшін той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Ауданда осыған ұқсас тағы екі жайт тіркелді. Оның бірінде жергілікті тұрғын өз үйіне 20-дан астам адам жинап, келін түсірген. Ал келесі тұрғын 15-тен астам адам жинап, қыз ұзату тойын өткізген. Бұл екі жайтта да мобильдік топ шұғыл жетіп, адамдардың көптеп шоғырлануына жол бермей, той-жиындарды тоқтатқан.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды (видео)

Жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін полиция Ақсайда мерейтой жасағандарды анықтаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында карантин кезінде той өткізген тұрғындар анықталды