Выйти
RU

Сәтбаевта қыз ұрлаған күдікті екі айға қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сәтбаев қалалық соты қыз ұрлаған күдіктіні ұстауға санкция берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәтбаевта қыз ұрлаған күдікті екі айға қамауға алынды

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бес жасар қызды ұрлады және зорлады деген күдікпен ұсталған азамат тергеу жүріп жатқан уақытта екі ай мерзім қамауда болады. Осыдан кейін оның ісі сотқа жіберіледі.

"Сәтбаев қалалық соты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға санкция берді. 26 шілдеде құжатқа қол қойылды", – деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен басқа пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Тағы да оқыңыздар

Балқашта 14 жастағы қызды зорлады деп күдіктелген полицей ұсталды

Қыз ата-анасына тапсырылды, дәрігерлер оны бақылап отыр. Бала күдіктінің пәтерінен табылған соң Сәтбаевта тәртіпсіздіктер басталды. Адамдар оны өздері жазалағысы келді. Алайда тәртіп сақшылары бұған жол бермеді. Содан кейін адамдар жергілікті полиция бөлімінің жанында бірнеше көлікті өртеп жіберді.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сәтбаевта қыз ұрлаған күдікті екі айға қамауға алынды