Выйти
RU

Жұмыртқадан түрлі кескін жасайтын ару өнерімен желідегілерді таңғалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қуырылған жұмыртқадан түрлі кескіндер жасайтын бойжеткен өнерімен әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдыруда жеп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Жұмыртқаны өнер туындысына айналдырған ару таңғалдырды

Фото: instagram.com/the_eggshibit: UGC

Жай ғана жұмыртқадан түрлі кескіндер жасайтын арудың аты-Мишель Бальдини.

Ол өз жұмыстарын the_eggshibit Instagram парақшасына жиі жариялап тұрады.

Мишель қуырылған жұмыртқадан Америка Құрама Штаттарының картасын, Азаттық мүсінін және өзге де ерешке мүсіндерді жасай алады.

Мишельдің қолынан шыққан өнер туындыларына қарап, оның күш-жігері мен төзімділігін аса жоғары бағалауға болады. Себебі ол жасаған кескіндер тиянақтылық пен көркем өнерді қажет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін италиялық кондитердің ғажайып тәттілерімен әлемді таңғалдырып жүргені туралы жазған едік.

Кондитер Маттео Штучи тәттінің дәміне ғана емес, сонымен қатар безендірілуіне де аса назар аударады. Ол туындыларында кез келген ұсақ элементтің өзі жіті ойластырады. Маттео тәттілерін кішкентай адамдардың мүсінімен безендіргенді ұнатады.

Тағы да оқыңыздар

Жуылған киімдерді балконда кептірудің қауіптілігі туралы білесіз бе

Сонымен қатар әлемнің ғажайыптарын кофенің бос стақандарына суреттейтін саяхатшы жайлы да хабарлаған болатынбыз.

Берк Армаган әдетте ол қандай ғимараттың не болмасы табиғаттың көрінісін бейнелейтінін сапар алдында ойланып алады екен. Берк кейде қаланың ерекше тыныс-тіршілігінен шабыт алып, аяқ астынан жаңа идеялар туындап жататын айтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жұмыртқадан түрлі кескін жасайтын ару өнерімен желідегілерді таңғалдырды