Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде маскасыз жүрген адамға айыппұл салына ма

Опубликовано:

Әділет министрлігі карантин кезінде көшеде маскасыз жүрген адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Министрлік өкілдері барлық шектеу шараларының бірінші кезекте коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендетуге бағытталғанын, олардың қолданыстағы заңнама аясында іске асырылатынын атап өтті.

Карантин режимі кезінде денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген санитарлық ережелер сақталуы тиіс. Онда жабық бөлмелер мен қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу туралы талап қарастырылған.

Сондай-ақ санитарлық ережеде азаматтардың көшеде жүруіне қатысты жекелеген талаптар бар.

Атап айтқанда, адам көп шоғырланған жерлерде әлеуметтік арақашықтық сақтау, үш адамнан артық жиналып жүрмеу немесе ондай жағдайда еліміздің бас санитарлық дәрігері бекіткен талаптарды сақтау.

"Мысалы, екі-үш адамнан құралған топ таза ауада маскасыз жүрсе, бұл санитарлық талаптардың бұзылуы болып есептелмейді. Сәйкесінше, ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған", – дейді ведомство өкілдері.

Ал үш адамнан көп болып жиналып жүру (отбасы мүшелерін есептемегенде) санитарлық ереженің талаптарын бұзады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қандай жағдайда көшеде маска тақпауға болатынын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866925-ksede-maskasyz-zrgen-sin-ajyppl-salyna-ma-dilet-ministrligi-zauap-berdi/

pixel