RU

Әлемдік БАҚ педофилдің соңынан қуған алматылық полицей туралы жарыса жазуда

Telegram logo VKontakte logo

Алматыда жасөспірім қызды қорлады деп күдіктелген педофилді ұстаған азамат жайлы тек отандық ақпарат құралдары ғана емес әлемдік БАҚ-та жазуда. Шетелдіктер қылмыскерді ұстауға тырысып, 13 қабаттан секірген полицейдің ерлік әрекетін жоғары бағалаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бақытжан Бәкіров. Фото: polisia.kz

Бақытжан Бәкіров. Фото: polisia.kz: UGC

Айта кетейік, аталмыш оқиға Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде болған еді. 11 шілде күні қаскүнем жер үйге ұрлыққа түседі. Үйде төрт жасар ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Ер адам оларды қызды пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, кейін оны зорлап, қашып кеткен. Бұдан кейін тәртіп сақшылары бірнеше күн күдіктінің қайда екенін анықтау үшін жұмыс жүргізген.

Бақытжан Бәкіров отбасымен. Фото: polisia.kz

Бақытжан Бәкіров отбасымен. Фото: polisia.kz: UGC

Нәтижесінде қаскөйдің әл-Фараби даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің 13-қабатында орналасқан пәтерде жасырынғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары оны ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырады. Осылайша олар есіктерді жауып тастаған күдікті бар пәтерге кіреді. Ол өз кезегінде қашатын жол жоқ екенін түсініп, терезеден секіреді. Осы кезде Майор Бақытжан Бәкіров бір сәтке де ойланбастан оның артынан секіреді.

Тағы да оқыңыздар

Балқашта 14 жастағы қызды зорлады деп күдіктелген полицей ұсталды

Абырой болғанда төменгі қабатта терраса тұрған, сонда түскен полиция қызметкері аяғын сындырған. Ауыруы мен жарақатына қарамастан Бәкіров жұмысын жалғастырып, нәтижесінде қылмыскер қолға түскен.

Әлемдік БАҚ-тағы Бақытжан Бәкіров туралы материалдар. Фото: polisia.kz

Әлемдік БАҚ-тағы Бақытжан Бәкіров туралы материалдар. Фото: polisia.kz: UGC

Бүгінде Бақытжан Бәкіровтің ерлігі жайлы тек қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары ғана емес, шетелдіктер де жарыса жазуда. Мәселен британдық Daily Mail басылымы тіпті оған толыққанды материал арнаған.

Бәкіров туралы жаңалықтар ағылшын, испан, араб, қытай және басқа тілдерде де жарияланған. Майордың бұл әрекеті шетелдіктер тәнті еткен.

"Нағыз қаһарман!", "Нағыз полицей!", "Супер полицей!", "Басқаларға үлгі", – деп шетелдік желі қолданушылары жарыса жазды.

Көптеген адам Бақытжан Бәкіровті Голливуд фильмдерінің супер полицейлермен салыстырған.

Желі қолданушыларының пікірі. Фото: polisia.kz

Желі қолданушыларының пікірі. Фото: polisia.kz: UGC

Сонымен қатар америкалықтар Бақытжанды өз еліне шақырып отыр, олар қазақстандық полицейдің шетелдік әріптестеріне нағыз полицей қалай жұмыс істейтінін көрсетуін қалайды.

Тағы да оқыңыздар

Ақтөбеде 10 жасар оқушыны сайда зорлап, қылқындырып, көл суымен жуындырған

"Ол АҚШ-қа келіп, полицияның қалай жұмыс істейтінін көрсетуі керек", "Суперкоп! Бізге қаржыландырудан айырғысы келетіндер емес, осындай полицей қажет", "Нағыз полицей. Ұлыбританиядағыдай емес", – дейді олар.

Айта кетейік, Бақытжан Бәкіровтің өзі алты баланы тәрбиелеп отыр. Олардың отбасында жақында егіз бала дүниеге келген. Бұл факті де шетелдік оқырмандарды таңғалдырып отыр.

Қазақстандық полицейдің әрекетіне сүйсінгендер оның тезірек сауығып кетуін тіледі.

Әлемдік БАҚ-тағы Бақытжан Бәкіров туралы материалдар. Фото: polisia.kz

Әлемдік БАҚ-тағы Бақытжан Бәкіров туралы материалдар. Фото: polisia.kz: UGC

Еске сала кетсек, осы ерлігінен кейін мемлекет басшысы Бақытжан Бәкіровті ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Әлемдік БАҚ педофилдің соңынан қуған алматылық полицей туралы жарыса жазуда