Выйти
RU

Түркістан облысында екі күн ішінде 12 той тоқтатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында демалыс күндері карантинге қарамастан өткізілген 12 той тоқтатылған. Жасырын той өткізгендерге ӘҚБ туралы кодекстің 425-бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Атап айтқанда, Түркістан облысы Қазығұрт және Төлеби аудандарының тұрғындары 32-50 адамның басын қосып, қыз ұзату тойын өткізген.

Сайрам ауданында мобильді топ қыз ұзату, екі беташар, бір отбасылық отырыстың үстінен түскен. Арыста үш беташар мен бір қыз ұзату тойы тоқтатылған.

Сонымен қатар Келес ауданы Біртілек ауылдық округі Жолбасшы ауылында жергілікті тұрғын 30 адамды жинап, беташар өткізген.

Сондай ақ Түркістан облысының Төлеби ауданы аумағында төрт демалыс аймағының карантин талаптарын бұзып, жұмысын жалғастырғаны анықталды.

Тағы да оқыңыздар

Түркістан облысында карантин кезінде той өткізген тұрғындар анықталды

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, тәртіпке бағынбаған демалыс орындарына 230 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

"Короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында 25-26 шілде күндері мобильді топтар Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқарма мамандарымен бірлесіп, сенбі, жексенбі күндері карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторинг жүргізді.
Нәтижесінде 1328 нысанды бақылап, карантин талаптарын бұзған 206 нысан анықталды. ҚР ӘҚБ туралы кодекстің 425 бабының 1 тармағымен жеке тұлғаларға 158 хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге 25 хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 183 хаттама толтырылды", – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Сайрам ауданы полицейлерінің карантин кезінде қонақ шақырып, той өткізген тұрғындарды анықтап, жиынды тоқтатқанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында екі күн ішінде 12 той тоқтатылды