Выйти
RU

Ержан Иманісләм Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ержан Иманісләм Павлодар қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Қайрат Нүкенов атқарған болатын. Жаңа басшысыны әріптестеріне аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ержан Иманслям. Фото: Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Облыс әкімінің сөзінше, жаңа басшының алдында бірқатар міндеттер тұр, оның ішінде экономиканы қалпына келтіру және қала мен аймақ үшін басым жобаларды уақытылы орындау. Сондай-ақ, әкімдік тұрғындармен диалогты күшейтуі керек.

Жаңа әкім 48 жаста.

Ержан Иманісләм Павлодар облысында дүниеге келген. Оның бір орта арнайы мамандандырылған білімі және үш жоғары білімі бар – экономика және бизнес, құқық, тасымалдауды ұйымдастыру.

Еңбек жолын 1987 жылы қарапайым құрылысшыдан бастаған. Кейін әртүрлі ұйымдарда жұмыс істеген. Алты жылын ішкі істер органдарында және прокуратурада қызмет етуге арнаған. Сонымен бірге облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінде жұмыс істеген.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сондай-ақ СҚО-дағы басқармалардың бірінде қызмет еткен. Жаңа қызметіне дейін Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ержан Иманісләм Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды