RU

Қытай мен Жапонияда коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытай мен Жапонияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа деректері тіркелді. Токиода тәулік ішінде вирус жұқтырғандар саны екі есе өскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Global Look Press / Juan Mijangos

Фото: Global Look Press / Juan Mijangos: Facebook

Соңғы тәулік ішінде Қытайда COVID-19-дың 61 дерегі тіркелген, ауру белгілері жоқ тағы 44 адам белгілі болған деп жазды РИА Новости.

Аталған 61 жағдайдың 57-сі жергілікті тұрғындардан, ал қалған төртеуі сырттан келгендерден анықталып отыр.

Сондай-ақ тәулік ішінде 10 науқас ауруханадан шығарылған.

Айта кетейік, жалпы Аспан асты елінде 83 891 адамда коронавирус расталған. Оның ішінде 78 918 адам жазылып шықса, 4634-і көз жұмған. Сондай-ақ қазіргі таңда 339 адам ауруханаларда ем алуда.

Сонымен қатар, Гонконгта коронавирус жұқтырудың – 2633 (1495 науқас жазылып, 18-і көз жұмған), Макаода – 46 (барлығы жазылып шықты), Тайванда – 458 (440 пациент жазылып, жетеуі қайтыс болған) дерегі тіркелген.

Тағы да оқыңыздар

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асты

Жапонияда осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған 31,3 мың адам белгілі болып отыр. Оның 825-і соңғы тәулікте тіркелген. Аурудың айтарлықтай өсімі Токио (239) мен Осакада (141) байқалуда. Айта кетерлігі, шілде айына дейін Токиода науқастардың өсімі 100 адамнан аспаған.

Жалпы, Күншығыс елінде бүгінге дейін 22 421 адам COVID-19-дан жазылып шықса, 1011 науқас көз жұмған. Қазіргі сәтте 66 пациенттің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Ал Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, соңғы деректерге сәйкес, республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытай мен Жапонияда коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелді