Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағайда полицейлер көпірден секірген бойжеткенді құтқарып қалды

Опубликовано:

Алматы облысының полицейлері Қапшағай көпірінен секірген бойжеткенді құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қапшағай полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары Асхат Дабылдаев пен Айбек Нұрмекенов бойжеткеннің көпірден секіруге әрекеттенгені туралы хабар алған.

"Жедел кезекші бұл туралы хабарлағаннан кейін, біз әріптесіммен бірге бес минут ішінде оқиға орнына жеттік. Ақпарат расталды: парапеттің артында қыз тұрды. Ол жауап қатпады, бір сәтте суға секірді. Менің әріптесім лейтенант Нұрмекенов тез арада оған ұмтылды. Ол бір қолымен қызды ұстап, жағаға жүзе бастады. Адам өмірін құтқара алдық. Қыз үнемі жылаумен болды, ол осындай әрекетінің себебі туралы бізге ештеңе айта алмады", – деп оқиғаны баяндады Дабылдаев.

Сонымен қатар, полицейлер медицина қызметкерлерін күтпей, қызға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізген.

"Бұл ерлік емес. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің куәгері болған өзге де полиция қызметкерлері дәл осылай әрекет ететініне сенімдімін", – дейді тәртіп сақшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері сүйіктісімен жанжалдасып қалып, өз-өзіне қол салмақ болған 26 жастағы Қызылорда тұрғынын аман алып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866961-kapsagajda-policejler-kpirden-sekirgen-bojzetkendi-ktkaryp-kaldy/

pixel