Выйти
RU

Өкпені жасанды желдету аппараттары Өзбекстанға заңсыз тасымалданбақ болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан қосымша 5600 өкпені жасанды желдету аппаратына мұқтаж болып тұрғанда, бейқам жандар жағдайды өз пайдасына шешпек болып, құнды жүкті Өзбекстанға тасымалдауға тырысты. Алайда заңсыз жүк "Атамекен" кеден бекетінде ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өкпені жасанды желдету аппараттары Өзбекстанға заңсыз тасымалданбақ болған

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Sputnik Қазақстан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасай отырып, Өзбекстан азаматтарының аппараттарды үш жүк көлігімен тасымалдағанын хабарлады. Барлығы бес техника ұсталып, тәркіленді.

Жабдықтардың заңсыз әкетілуін Мақтаарал ауданы прокуратурасының қызметкерлері, "Жетісай" ВП-2037 шекара отряды және тікелей "Атамекен" кеден бекетінің қызметкерлері тоқтатты.

Айта кету керек, аталған жүк коронавирус пандемиясы кезінде өмірлік маңызы бар және тапшы аппарат болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны тағы 1526 адамға көбейді. Осылайша елімізде 84 648 адам қауіпті вирусты жұқтырған.

Тағы да оқыңыздар

Қапшағайда 40 жастағы ер адамның денесі іздестірілуде

Айта кету керек, қорғаныш құралдарының жетіспеушілігін өз пайдасына шешуді көздейтін адамдар аз емес. Соңғы 20 күн ішінде Қазақстан полициясы алып-сатумен айналысқан 500-ден астам адамды ұстады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өкпені жасанды желдету аппараттары Өзбекстанға заңсыз тасымалданбақ болған