Выйти
RU

Алматыда көліктің үстіне ағаш құлап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда жол жүру аймағында көліктің үстіне ағаш құлап кетті. Оқиға кезінде жүргізуші көлікте жалғыз болған, зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады

Фото: Видеодан кадр: UGC

Оқиға туралы Instagram-дағы kris.p.online парақшасында белгілі болды.

Күтпеген жағдай үш күн бұрын, яғни, 25 шілдеде Медеу ауданы, Қалдаяқов пен Мақатаев көшелерінің қиылысы, "Рахат" кондитерлік дүкенінің жанында орын алған.

Дәл сол күні ТЖД "112" басқару пультіне Mercedes Benz маркалы автокөлігіне ағаштың құлағаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірінші болып төтенше жағдай инспекторы келген: ол ағаш құлауының салдарынан ешкім зардап шекпегеніне көз жеткізіп, содан кейін бұл туралы жедел қызметке хабарлаған. Инспектордың сипаттамасы бойынша, ағаш үлкен болғандықтан бүкіл жол жабылып қалған.

Көп ұзамай оқиға орнына "109" қызметінің құтқарушылары мен "Алматы тазалық" жұмысшылары келіп, құлаған ағаштың орнын тез тазартқан. Жұмысқа он адам, сонымен қатар, үш техника жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыздар

Қапшағайда полицейлер көпірден секірген бойжеткенді құтқарып қалды

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы қаласында жолда кетіп бара жатқан көліктің үстіне ағаш бөлігі құлап түскені туралы хабарлаған едік.

Темір тұлпар ішінен түсірілген видео желіде пайда болған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда көліктің үстіне ағаш құлап кетті