RU

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирустан 298 адам көз жұмды

Елорда әкімі үкіметтің онлайн-отырысында қаладағы коронавирус туралы қазіргі статистикалық мәліметтерді жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирустан 298 адам көз жұмды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Елордада пандемия басталғалы бері Covid-19-дан 225 адам қайтыс болды. Елорда әкімі үкіметтің онлайн-отырысында қаладағы коронавирус туралы қазіргі статистиканы мәлімдеді. Алтай Көлгінов пандемия басталғалы елордада 10320 коронавирус инфекциясы тіркелгенін хабарлады.

Олардың 70% -ы емделіп шықты. 1563 адам соңғы аптада айықты. 1511 пациент емін жалғастыруда.

Сонымен қатар, ауыр халдегі науқастар саны 54%-ға азайды. Нұр-Сұлтанда 225 адам вирустың құрбаны болды.

Елорда әкімі қалада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Жалпы, 12 шілдеден бастап елордаға КВИ-ды емдеуге қажет 110 тонна немесе 4,5 миллион қаптама дәрі-дәрмек жеткізілді.

Карантин алынып тасталғаннан кейін ол санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Маскасы жоқтар қоғамдық көліктерге және адамдар көп жиналатын жерлерге кіре алмайды.

Өз кезегінде оңтүстік астана әкімі Алматыда пандемия басталғалы бері 10 965 КВИ-инфекциясы тіркелгенін айтты. Оның 6649-ы осы уақытқа дейін қалпына келді. Осы мегаполисте 73 адам вирустың құрбаны болды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы тұтастай алғанда елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын мәлімдеді. Ол карантин шараларын жеңілдету ықтималдығына назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1867020-nr-sltan-men-almatyda-koronavirustan-298-adam-kz-zmdy.html