Выйти
RU

Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантинді жеңілдету жайында айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысы кезінде үшінші тамыздан бастап, карантин режимін жұмсарту мүмкіндігі жөнінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой. Фото: mz.gov.kz

Алексей Цой. Фото: mz.gov.kz

Егер санитарлық-дезинфекциялық режим, масқа тағу мен әлеуметтік арақашықтық сақталынса, үшінші тамыздан бастап бірқатар инфрақұрылымдық нысандардың жұмысы қайта жандануы мүмкін. Инфекция репродуктивтілігінің көрсеткіші бірден төмен болып (R ≤ 1), бір аптада ішінде ауруханалардағы орындардың 70%-ы ғана толып, COVID-19 індетінен болған өлім санының азаюы байқалған жағдайда төмендегі мекемелердің жұмыстарына рұқсат берілмек.

- ОСО, СО мен уақыты мен күндері шектелген сауда желілері, жабық азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар;

- Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев Маминға ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды

- Балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер, кезекші топтар режимінде;

- Сұлулық салондар, шаштараздар, маникюр мен педикюр секілді косметикалық және косметологиялық қызметтер ұсынатын орталықтар мен салондар (алдын ала жазылып бару керек);

- Мемлекеттік орган қызметкерлері мен кеңсе қызметкерлерінің 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу сақталып қалу керек.

Таза ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға рұқсат етіледі. Алайда, тұрғындар міндетті түрде әлеуметтік арақашықтықты сақтану қажет. Оған қоса, Ұлттық құрамалардың спорттық жаттығуларына отыз адамға дейін қатыса алады.

Көшеде, саябақтар мен жағалауларда тек үш адам болып топтасып жүруге болады.

Қоғамдық көліктің жұмысына уақыт бойынша шектеулер орнатылып, оның іші тек 50%- ға дейін толу керек. Оған қоса, барлық жолаушылар маскалық және санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтануы шарт. Сонымен қатар, автобустарда кондукторлар болу қажет.

Тағы да оқыңыздар

Министрлік екі апталық карантин кезінде қандай нәтижеге қол жеткізген

Карантин режимінің жеңілдетуіне қарамастан, бірқатар шектеулер өз күшінде қала бермек:

- ауқымды шаралардың барлық түріне, сауықтыру мекемелері, кинотеатрлар, фудкорттар, банкеттік залдардың жұмысына;

- мейрамханалар, клубтар, түнгі ойын клубтарына;

- мәдениет нысандарының, мұражайлардың жұмысына, конференция мен форум өткізуге;

- спорт залдарының, фитнес орталықтардың, бассейндердің, аквапарктердің жұмысына;

- діни нысандардың жұмысына;

- қала жанындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысына (электричкалар, жұмыс пойыздарынан басқасы), ортақ вагондарды құруға, қалааралық автобустардың қатынауына әлі де тыйым салынады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантинді жеңілдету жайында айтты