Выйти
RU

Қазақстанның екі өңірі эпидемияның екінші толқынына дайындалуда (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеген оңтүстік және солтүстік өңірлерде эпидемияның екінші толқынына дайындық жүріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысы COVID-19 инфекциясының екінші толқынына ауқымды дайындық жүріп жатқанын мәлім етті. Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, пандемия басталған кезде өңірде 73 өкпені жасанды желдету аппараты болған, ал қазір олардың саны – 78, сондай-ақ тағы 24 құрылғы сатып алынған.

Петропавловск.news басылымының ақпарынша, облыс әкімдігі тағы 250-ден астам ӨЖЖ аппаратын сатып алуды жоспарлар отыр. Денсаулық сақтау министрлігі өңірге 159 аппарат жеткізеді. Аймақ басшысының пікірінше, КВИ-дің екінші толқыны күн суыған кезде – күз мезгілінде болады деп күтілуде.

Сондай-ақ ол дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғылардың жетіспеушілігі болмас үшін шалғайдағы ауылдарға да көңіл бөлініп жатқанын тілге тиек етті. Айтуынша, қазіргі сәтте барлық дәріханаларға мониторинг жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар

ШҚО-да коронавирустан айыққан ер адам ауруханадан шығудан бас тартты

Сонымен қатар, шымкенттік дәрігерлердің де пандемияның екінші толқынына дайындалып жатқаны белгілі болды. Стационарлық төсек орындар резервке алынып, дәрі-дәрмек қоры жасақталуда деп жазды Otyrar.kz.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Дәулет Шорабаевтың айтуынша, тұрғындар онлайн кеңестер ала алады. Онда дәрігерлер емделу жолдарын қашықтықтан түсіндіріп береді. Бұл адамдардың шоғырлануын болдырмайды.

Дегенмен, шымкенттік ақ халаттылар пендемияның екінші толқыны қашан басталатынын дөп басып айта алмады. Бұл сайып келгенде халықтың санитарлық жағдайды қаншалықты ескеруіне байланысты. Десе де, салаға жауаптылар қазір екі айлық дәрі-дәрмек қорын жасақтап, тиісті тапсырыстарын да әлден ақ қамдап қойыпты.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 84 648 адамға жетті.

Тағы да оқыңыздар

Тұмаумен ауырып жүрген науқас коронавирус жұқтырса не болады

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның екі өңірі эпидемияның екінші толқынына дайындалуда (видео)