Выйти
RU

Сауда орталықтары мен сұлулық салондары 3 тамыздан бастап ашылуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой үкімет отырысында карантин аяқталғаннан кейін сауда орталықтары мен сұлулық салондарының ашылуына қатысты шарттарды атады. Үшінші тамыздан бастап бұл нысандар өз жұмысына қайта оралу мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.: Facebook

Министрдің сөзінше, бірқатар міндетті шарттар сақталған жағдайда үшінші тамыздан бастап карантин шаралары жұмсартылуы мүмкін. Олар:

- Коронавирус жұқтырғандар санының көрсеткіші 1%-дан төмен болуы;

- Ауруханалардағы төсек-орындардың аптасына 70 пайызға ғана толуы;

- COVID-19 індетінен болған өлім деңгейінің төмендеуі.

Жоғарыда аталып өткен жағдайлар орындалса, карантин шаралары мынадай бағыттар бойынша жеңілдей түспек:

  • ОСО, СО мен уақыты мен күндері шектелген сауда желілерінің жұмысына рұқсат беріледі.
  • Жабық азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар қайта ашылады;
  • Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер жұмысына қайта оралады;
  • Балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер, кезекші топтар режимінде қызметін жалғастырады;
  • Сұлулық салондар, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызметтер ұсынатын орталықтар мен салондар ашылатын болады. Маникюр мен педикюр жасауға рұқсат беріледі. Алайда, бұл мекемелерге алдын ала жазылу керек.

Тағы да оқыңыздар

Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантинді жеңілдету жайында айтты

Сонымен қатар, таза ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға рұқсат етіледі. Алайда, тұрғындар міндетті түрде әлеуметтік арақашықтықты сақтану қажет. Оған қоса, Ұлттық құрамалардың спорттық жаттығуларына отыз адамға дейін қатыса алады.

Көшеде, саябақтар мен жағалауларда тек үш адам болып топтасып жүруге болады.

Қоғамдық көліктің жұмысына уақыт бойынша шектеулер орнатылып, оның іші тек 50%- ға дейін толу керек. Оған қоса, барлық жолаушылар маскалық және санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтануы шарт. Сондай-ақ, автобустарда кондукторлар болу қажет.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сауда орталықтары мен сұлулық салондары 3 тамыздан бастап ашылуы мүмкін