RU

Министр: Қауіпсіздік әдеттері де "жұқпалы" болуы тиіс

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2 тамыздан бастап карантин талаптарын алып тастау жоспарына байланысты қоғамдағы қауіпсіздік пен гигиена шараларын әрі қарай сақтауды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі
Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі: UGC

Бұл туралы Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысында айтты.

Оның пікірінше, алдымен маскалық режим мен гигиенаны әрі қарай сақтауды қамтамасыз ету қажет. Үйден тыс жерде медициналық бетпердені міндетті түрде тағу инфекцияның таралуын 30%-ға қысқартады. Сонымен қатар, Алексей Цой инфекцияның таралуында қол гигиенасы ерекше рөл атқарады деп отыр.

"Бүгінде бүкіл қазақстандық қоғам коронавирустың емес, қауіпсіздік пен салауатты әдеттердің "жұқпалы" болуы үшін барлық шараларды қабылдауы қажет", - денсаулық сақтау министрі.

Одан бөлек, Алексей Цой әлеуметтік қашықтық қағидаты сақталуы тиіс екенін ескертті: 20/80 қатынасында кеңселердің қашықтан жұмыс істеуі және оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқыту;

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысы кезінде үшінші тамыздан бастап, карантин режимін жұмсарту мүмкіндігі жөнінде мәлімдеген болатын.

Ал қазір еліміздің екі өңірі пандемияның екінші толқынына дайындық жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1867044-ministr-kauipsizdik-detteri-de-zkpaly-boluy-tiis.html