RU

"Ұят": Жорабаеваның жолдасымен сүйісіп тұрған фотосы желіде қызу талқыға қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шығып, өміріндегі аса бақытты күндерін басынан өткеріп жатқанға ұқсайды. Өнер иесі жолдасымен түскен суреттері мен видеоларымен көптеп бөлісетін болған. Алайда, эстрада жұлдызының бұл жолы жариялаған жазбасы көпшілік көңілінен шықпаған көрінеді. Ерлі-зайыптылардың кезекті фотосы керісінше, ел сынына ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva.: Instagram

Жорабаева желіде қызу талқыға қалған суретін Instagram парақшасына жүктеген. Фотода өнер иесі мен күйеуі сүйісіп тұрғанын көруге болады. Алайда, ерлі-зайыптылар беттерін гүл шоғымен жауып қойған.

"Басқаға бақыт тілесең, Алладан 10 еселеп, 100 еселеп қайтады екен. Маған тілеген тілектеріңіз еселеп қайтсын қымбатты оқырмандарым. Аллама сансыз мадақтар мен шүкірлер" , - деген жазба қалдырған әнші.

Тағы да оқыңыздар

Қарғалы өзеніндегі сұмдық көрініс экологтарды аяғынан тік тұрғызды (видео)

Бақыттан басы айналған эстрада жұлдызының бұл әрекетіне қатысты оқырмандарының пікірі екіге бөлінген. Бірі Жорабаеваға шын бақыт тілеп қолдап жатса, енді бірі оның қылығын аса ерсі санауда.

"Бақытты болуға лайықсыз. Бірақ мына суретіңіз артық екен" , "Бақытты болсын, бірақ мынадай суреттер салу тым ерсі, ұят болады" , "Бір емес, төрт қызғалдақ өсіріп отырсыз ғой" , "Сөзім жоқ", "Ұят екен мұндай сурет қойудың қажеті жоқ деп ойлаймын" , - деп жазуда көпшілік.

Оған қоса, өнер иесі жолдасы екеуінің орманда серуендеп жүрген сәтінен видео жариялаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ұят": Жорабаеваның жолдасымен сүйісіп тұрған фотосы желіде қызу талқыға қалды