Выйти
RU

БҰҰ маска мен қолғаптың қоршаған ортаға зияны туралы ескертті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясы жағдайында жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қоршаған ортаның ластану деңгейіне кері әсерін тигізуде. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының баяндамасында айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Құжатта маска, қолғап, дезинфекциялық құралдар мен тамақ өнімдерінің қаптамалары көшелерді, жағажайларды және дүниежүзілік мұхитты ластап жатқаны баяндалады.

Ұйым өкілдері пластикалық өнімдердің қоршаған ортаны ластауы пандемияға дейін Жер беті үшін ең елеулі қауіптердің бірі саналғанын атап өтті. Одан кейінгі белгілі бір өнімдерді пайдалану көлемінің өсуі жағадайды ушықтыра түскен.

Сондай-ақ, баяндамада көрсетілгендей, оқшаулау режимі енгізілуіне байланысты әлем бойынша кейбір нысандар жұмысының тоқтатылуынан парникті газдар шығарындылары 5 пайызға азайған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның әділет министрлігі карантин кезінде көшеде маскасыз жүрген адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп берген болатын.

Тағы да оқыңыздар

Көшеде маскасыз жүрген адамға айыппұл салына ма

Ведомствоның мәліметінше, карантин режимі кезінде денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген санитарлық ережелер сақталуы тиіс. Онда жабық бөлмелер мен қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу туралы талап қарастырылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҰҰ маска мен қолғаптың қоршаған ортаға зияны туралы ескертті