Выйти
RU

"СҚ-Фармацияға" жаңа өкілеттік берілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

23 шілдеден бастап "СҚ-Фармация" жаңа өкілеттікке ие болды. Тиісті құжат рәсімделіп, уәкілетті орган оған қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтына сілтеме жасап.

"СҚ-Фармацияға" жаңа өкілеттіктер берілді

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC

Бұдан былай Қазақстандағы дәрі-дәрмектердің негізгі сатып алушыcына жаңа өкілеттіктердің берілді. Құжатқа республиканың премьер-министрі Асқар Мамин қол қойды.

23 шілдеден бастап "СҚ-Фармация" дәрі-дәрмектерді Қазақстанның бөлшек сауда желілерінің дәріханаларында сату үшін көтерме сатып алуға уәкілетті.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне, жергілікті билік органдарына және елдің басқа да мүдделі атқарушы органдарына осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Айта кету керек, "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өзінің қызметке тағайындалуы туралы пікір білдіріп, бұрынғы басшылықтың жұмысы үшін кешірім сұраған еді.

Тағы да оқыңыздар

"Тоңазытқышта сақтаған": Түркістанда дәрілер сатқан азық-түлек дүкені анықталды

Естеріңізге сала кетейік, "СҚ-Фармация" тегін дәрі-дәрмек алу сұрағымен қайда жүгінуге болатынын хабарлаған.

Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, 17 шілдеден бастап қайтадан шұғыл байланыс жұмыс істеп келеді. Ел тұрғындары онда хабарласу арқылы дәріге қатысты қажетті ақпаратты алатын болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"СҚ-Фармацияға" жаңа өкілеттік берілді