Выйти
RU

Көлемі футбол алаңымен тең астероид Жерге ұшып келеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көлемі футбол алаңымен тең астероид Жерге қарай ұшып келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың (NASA) мәліметінше, 2009 PQ1 астероидының көлемі 84-190 метрге дейін жетеді. Ол 5 тамыз күні Жерге барынша жақындайды.

Сондай-ақ хабарламада көрсетілгендей, астероид пен Жердің арақашықтығы біздің ғаламшар мен Айдың арасындағы қашықтықтан жеті есе көп болмақ.

Жалпы, аталған аспан денесі 2009 жылғы 14 тамызда анықталған. Ол ұшу бағыты Жер орбитасымен қиылысатын "Аполлондар" тобына жатады.

Еске сала кетейік, маусым айының басында Илон Масктің ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйіскенін хабарлаған болатынбыз.

Флоридадағы ғарыш айлағында 30 мамырда ұшырылған "Фалькон-9" ғарыш зымыраны Crew Dragon кемесін ғарышқа алып шыққан еді. Илон Масктің SpaceX корпорациясы жасаған ғарыш кемесімен екі америкалық ғарышкер ұшты.

Тағы да оқыңыздар

Жерде жатқан өлі қарғалар Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарын шошытты (видео)

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттары 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адам ұшырып отыр. Ғарыш кемесінің сәтті ұшырылуына арналған баспасөз конференциясында SpaceX корпорациясының негізін қалаушы Илон Маск: "Батуттың пайдаcы бар" деп әзілдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көлемі футбол алаңымен тең астероид Жерге ұшып келеді