Выйти
RU

"50 мың теңге": Елорданың бас имамы қойдың бағасына қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов Qurban2020.kz сайтында көрсетілген қойдың орташа бағасына қатысты пікір білдірді. Порталда көрсетілген бір қойдың құны – 50 000 теңге деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Бір қой – 50 мың теңге: бас имам түсініктеме берді

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Нұр-Сұлтанның бас имамының айтуынша, қазіргі уақытта халық арасында малдың бағасына қатысты әртүрлі пікірлер бар.

Мәселен, онлайн-құрбандыққа тапсырыс беруге арналған Qurban2020.kz сайтында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бір қойдың бағасы 50 000 теңге деп көрсетілген. Ал ірі қараның бағасы – 350 000 теңге.

"Енді, бір адам "Мен 30 000 – 40 000 теңгеге бір қой шала аламын" деп, уәж айтуы мүмкін. Бұл жерде мына бір нәрсеге назар аудару керек. Ол – қойдың жасы. Себебі құрбандық малына қойылатын талаптар бар. Сіз алты айға жетпеген немесе арықтау тоқтыны 35 000 – 40 000 мыңға алуыңыз мүмкін. Бірақ ондай бағаға бір жасар қой келмейді. Ал қой бір жасқа толмаса, құрбандықтың орнына жүрмей қалуы мүмкін", – дейді Ерболат Жүсіпов астанада өткен онлайн брифингте.

Тағы да оқыңыздар

Ішкі істер министрлігі: Көбейтұз көлінің тұзын сатқандар анықталды

Оның сөзіне қарағанда, елодада малдың бағасы жіті әрі жан-жақты қарастырылып, зерттелген. Әрбір малдың бағасы соның негізінде қойылған. Оның ішінде қой да бар.

"Қой мен ешкі бір жасар болуы керек. Негізі, 50 000 теңге – бұл өте жақсы баға. Мысалы, Құрбан айт болмай жатып, мешіттерде әртүрлі құрбандық рәсімдері орындалады. Сонда біз базарлармен жұмыс істейміз. Сол кезде орташа баға 50 000 теңге болып тұрады", – деп атап өтті елорда имамы. 

Айта кетейік, 24 шілде күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Qurban2020.kz сайтын іске қосты. Сайт арқылы құрбандық малға онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Бірақ еттің бір бөлігін үйге алып кетуге болмайды. Құрбандық малдың барлық еті мұқтаж адамдарға таратылады.

Тағы да оқыңыздар

"Жағдайы нашарлап қалды": 42500 алғысы келген танымал жұлдыздар кімдер

Онлайн-құрбандық жасау үшін сайт арқылы малды таңдап, ақшасын төлеу керек. Мұқтаж жандар да өтініш қалдыруы тиіс.

Биыл елімізде Құрбан айт мейрамы 31 шілдеде басталады.

Сонымен қатар бұған дейін ҚМДБ қандай малды құрбандыққа шалуға болмайтынын айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"50 мың теңге": Елорданың бас имамы қойдың бағасына қатысты пікір білдірді