Выйти
RU

"Көлсай көлдері" мен "Шарын" ұлттық парктерінің басшыларына сөгіс жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Экология министрі Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" мен "Шарын" ұлттық паркінің басшыларына сөгіс жарияланғанын мәлімдеді. Туристердің шағымынан кейін олардың жұмысы тексерілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kolsaytur.kz

Фото: kolsaytur.kz

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда жаңа call-орталық іске қосылатынын мәлімдеді. Онда туристер елдегі ұлттық парктердің лайықсыз жағдайы туралы шағымдана алады: +7 (777) 678-52-52.

Көрсетілген нөмірге фото мен видео жіберуге болады: мысалы, ағаштарды заңсыз кесу, балық аулау, аң аулау, чек берілмеу және тағы басқа жайттар.

Айта кетейік, туристердің осындай шағымынан кейін жоғарыда аталған ұлттық парктердің басшыларына сөгіс жарияланды. Қазақстандықтар демалыс орындарындағы нашар қызметке және чек берілмегені жайлы шағымданған.

Экология министрі елімізде жануарларды қорғау туралы жеке заң қабылдау қажеттілігін атап өтті. Оның пікірінше, жануарларға қорлық көрсетілгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы тиіс.

Тағы да оқыңыздар

БҰҰ маска мен қолғаптың қоршаған ортаға зияны туралы ескертті

Заң жобасы дайын және осы күзде мәжілістің қарауына жіберіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін карантинге жабылған Баянауылда демалыс үйлерінің жұмыс істеп тұрғаны анықталған болатын.

Енгізілген карантин мен демалыс орталықтарының жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, екі демалыс базасы бұрынғыдай қонақтарды қабылдаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көлсай көлдері" мен "Шарын" ұлттық парктерінің басшыларына сөгіс жарияланды