Выйти
RU

Бір түнге бола зәулім сарайды сатып ала алатын шейх қалай өмір сүреді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Біріккен Араб Әмірлігінің монархы, шейх Халифа Аль Нахайянның отбасының байлығы 150 миллиард долларға бағалануда. Бір түнге бола зәулім үйді сатып алуға дайын король өзінде бар сарайлардың басым бөлігінде тіпті болып көрмеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ке сілтеме жасап.

Бір түнге бола зәулім сарайды сатып ала алатын шейх қалай өмір сүреді

Фото: bigpicture.ru: UGC

Шейх сән-салтанаттың арасында өмір сүреді. Оның резиденциясының аулаларындағы бассейндер мен субұрқақтар Evian минералды суларымен толтырылады. Аль Нахаянның үйлері әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан және шейхтің өзі олардың бәрін есінде сақтамайды.

Дүние жүзіндегі жүздеген үй, пәтер мен сарай түрлі мақсаттарда сатып алынды. Олардың кейбіреулері шейхтің көңілінен шықса, кейбірі қаржыны инвестициялау үшін алынды. Шейх, тіпті, бір түн түнеу үшін де үйлер сатып ала берген.

Бір түнге бола зәулім сарайды сатып ала алатын шейх қалай өмір сүреді

Фото: bigpicture.ru: UGC

Айта кету керек, БАӘ-нің королі қонақүйлерді ұнатпайды және бір түнге бола үлкен және сәнді сарай сатып алуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар

ҚМДБ қандай малды құрбандыққа шалуға болмайтынын айтты

Монарх өз резиденцияларының кейбірінде ешқашан болған емес. Мәселен, ол Испанияда Мадридтің жанындағы сәнді вилласына әлі барып көрмеген. Сарай астанадан 60 шақырым жерде орналасқан және 17 жыл бұрын сатып алынған. Содан бері бұл жерді 15 адам қарауылдап, тұрақты түрде жалақы алып отырды. Шейхтің өзі де, оның отбасы мүшелері де осы жылдар ішінде испаниялық виллада болмаған.

Бір түнге бола зәулім сарайды сатып ала алатын шейх қалай өмір сүреді

Фото: bigpicture.ru: UGC

Алайда оның ішіне кіріп көрген журналистер үйдегі техниканың басым бөлігі жаңа күйде тұрғанын айтады. Олар, тіпті, ешқашан қолданылмаған. Апта сайын қызметшілер 11 жатын бөлмедегі төсек-орын мен орамалдарды ауыстырып отырады. Вилланы күтіп-баптауға жыл сайын 565 мың доллар қаржы кетеді деген сыбыс та бар.

Бір түнге бола зәулім сарайды сатып ала алатын шейх қалай өмір сүреді

Фото: bigpicture.ru: UGC

Аль Нахайянның мұндай үйлері өте көп. Мәселен, Лондонда БАӘ басшысының жылжымайтын 140 мүлігі бар көрінеді. Олардың барлығы элиталық: Mayfair, Marylebone, Knightsbridge и Kensington аудандарында орналасқаны айтылады.

Тағы да оқыңыздар

Жуылған киімдерді балконда кептірудің қауіптілігі туралы білесіз бе

Бір түнге бола зәулім сарайды сатып ала алатын шейх қалай өмір сүреді

Фото: bigpicture.ru: UGC

Халифа өзінің миллиардтаған ақшасына тек денсаулық сатып ала алмады. 2014 жылы монарх инсультты басынан кешіп, бүгінде халық арасына көп шықпайды. Ол өз өкілетін мұрагер ханзада Мухаммад ибн Заид Аль Нахайянға тапсырған.

Бір түнге бола зәулім сарайды сатып ала алатын шейх қалай өмір сүреді

Фото: bigpicture.ru: UGC

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құны 1 млн доллар тұратын зәулім үйлер жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бір түнге бола зәулім сарайды сатып ала алатын шейх қалай өмір сүреді