RU

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі қараған судья қайтыс болды

Telegram logo VKontakte logo

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық судьясы Кеңшілік Әбділдинов өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Facebook/Алматы қаласының мамандандырылған соты

Фото: Facebook/Алматы қаласының мамандандырылған соты: Instagram

"Алматы қалалық соты, соттар Әкімшісі, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты атынан әріптесіміз - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбділдинов Кеңшілік Кеңесұлының қайтыс болуына байланысты жұбайына, отбасына, туған-туысқандарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіреміз. Үлкен қайғы. Әрқашанда есімізде жарқын боласыз", - делінген хабарламада.

Кеңшілік Әбділдинов 1963 жылдың 28 қазанында дүниеге келген.

Ол 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1992 жылы Әділет органдарында, 2000 жылы Жоғарғы Сот аппаратында қызмет атқарған.

2003 жылдан Алматы облыстық сотының судьясы, 2013 жылдан бастап Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болған.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі 41 жасында қайтыс болды

Айта кетейік, Кеңесшілік Әбділдинов марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істі қараған болатын. Ол спортшының өліміне айыптыларды 18 жылға бас бостандығынан айырды.

KAZ.NUR.KZ Кеңшілік Әбділдиновтің отбасына көңіл айтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі қараған судья қайтыс болды