Выйти
RU

Таяқпен "тәрбиелеген": Полиция бастығы қызметкерлерін қорлады деп айыпталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы қол астындағы қызметкерлерін кемсітті және қол көтерді деп айыпталуда. Әлеуметтік желіде жоғары шенді басшының қызметкерлерге деген дөрекі қарым-қатынасы көрсетілген видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Время" басылымына сілтеме жасап.

Таяқпен "тәрбиелеген": полиция бастығы қызметкерлерін қорлады деп айыпталды (видео)

Видеодағы кадрлар

Басылымның мәліметіне сәйкес, полковник қол астындағыларға қарсы күш қолданған уақытта видеоға түсіп қалған.

Сонымен, видеолардың бірі полиция ғимаратының алдындағы аймақты түсірілген. Онда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сапқа тізіліп тұрғанын көруге болады. Азаматтық киім киген ер адам бір қызметкердің артынан жақындап келіп, таяқпен арқасынан ұрады.

Екінші видео да шамамен дәл сол жерде, бірақ басқа уақытта түсірілген, онда ер адамдардың бірі полиция қызметкерінің бетінен ұрады.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды (видео)

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

"Время" басылымының жазуынша, екі жағдайда да Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы бейнеленген. Оған қоса, бастығының кабинетіне қызметкерлері қалай тамақ әкелгені көрсетілген жазба да бар.

Қуаныш Бекқожаев қазір демалыста болғанына қарамастан, басылымның тілшісі полковникпен тілдесе алған. Аудандық полиция бөлімінің бастығы кадрлардағы азамат өзі екенін растады. Алайда видео қай уақытта түсірілгеніне жауап бере алмады. Оның айтуынша, бұл кәдімді жұмыс жағдайы.

Облыстың полиция дептарментінің баспасөз қызметі басылымға Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтты. Егер ақпарат расталса, басшы қатаң жауапкершілікке тартылуы мүмкін, тіпті лауазымнан босатылуы да ғажап емес.

Бұл ақпаратты көшіру және пайдалану "Издательство Время" ЖШС-нің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Тағы да оқыңыздар

Атыраулық әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болған

Сонымен қатар аталмыш жайт "31 арна" сюжетінде де айтылған.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Сәтбаевта бес жасар қыз жоғалған түні Жезқазған полиция бөлімі бастығының адамдардың қоршауында қалып қойған сәті видеоға түсіп қалған еді.

Кадрлардан полиция бастығының соққыға жығылғанын көруге болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таяқпен "тәрбиелеген": Полиция бастығы қызметкерлерін қорлады деп айыпталды (видео)