Выйти
RU

Екі апта бұрын Атыраудың бас санитар дәрігері болған Байғабылов бұрынғы жұмысына қайта оралды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысының бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов қызметінен кетті. Енді ол бұрынғы жұмысын қайта атқармақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Sadvakas Nagmetýllovich Baigabulov

Фото: Facebook/Sadvakas Nagmetýllovich Baigabulov: UGC

Бұл туралы Сәдуақас Байғабылов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Атырау облысына келген кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтардың миссиясы (Нұр-Сұлтан мен Алматыдан) орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Аймақтағы карантиндік шектеулер бойынша түсіндіру жұмыстарын және профилактикалық шараларды жалғастыру маңызды. Біз Нұр-Сұлтанға қайта ораламыз. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметімді жалғастырамын", - дейді ол.

Еске сала кетсек, 13 шілде күні Сәдуақас Байғабылов Атырау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі 41 жасында қайтыс болды

Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар ең көп тіркелген Атырау облысы болатын. Сондықтан үкімет Атырау облысында жағдайды тұрақтандыру үшін өңірге 102 жоғары білікті маманды жіберейін деп жатқанын хабарлаған едік.

Жалпы бүгінде Атырау облысында COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 10053-ке жеткен. Өңір коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейін екінші орында тұр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екі апта бұрын Атыраудың бас санитар дәрігері болған Байғабылов бұрынғы жұмысына қайта оралды