Выйти
RU

90-дағы шымкенттік әжей пневмониядан жазылып шықты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жасы 90-дағы шымкенттік әжей пневмониядан жазылып шықты. Қарт кісі өзін емдеген ақ халаттыларға алғысын айтып, ақ батасын берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жасы 90-нан асқан шымкенттік әже пневмониядан сауығып шықты

Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: UGC

1930 жылдың 18 ақпанында дүниеге келген Жақсыгүл Бекмұратова​ шілденің 10 күні ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Қария кісі өкпенің екі жақты пневмония диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылған.

90 жастағы әжейге емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетілді дейді дәрігерлер.

"Апа қазір өзі жүріп тұрады. Өзі тамақтанады. Өзі әжетханаға барады. Арасында қыздар көмектеседі. Алғашында оттегі аппараты арқылы тыныстаса, қазір оттегі аппаратынсыз бірқалыпты отырады. Бұл дегеніңіз жағдайының жақсарғандығының көрсеткіші",– дейді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әлия Пернебаева.
Жасы 90-нан асқан шымкенттік әже пневмониядан сауығып шықты

Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: UGC

Жақсыгүл Бекмұратова бүгін ауруханадан шығарылды.

Тағы да оқыңыздар

Ақмола облысында антисептик ішіп қойған 5 жасар қыз бала көз жұмды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжейдің пневмониядан құлан-таза айыққанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар алматылық дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы қабынған 56 жастағы әйелді аман алып қалғанын жазған болатынбыз.

10 күн жансақтау бөлімінде жатқан пациент бүгінде ауруханадан шыққан. Дегенмен медициналық бақылауда болмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
90-дағы шымкенттік әжей пневмониядан жазылып шықты (фото)