RU

Алматыдағы аурухана дәретханасының суреті желіде қызу пікірталас туғызды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар ауруханалардағы дәретханалардың жағдайына шағымдануда. Олардың айтуынша, дәретханалардың көбі талаптарға сай келмейді және ондағы санитариялық жағдай өте нашар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы аурухана дәретханасының суреті желіде қызу пікірталас туғызды

Фото: facebook.com/Жангельды Сулейманов: UGC

Қазнетте Алматыдағы теміржол ауруханасында түсірілген дәретхананың суреті тарап үлгерді. Суретті танымал қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттегі дәретхананың көрінісі адам шошырлық.

Заңгердің сөзінше, мемлекет коронавируспен күресуге 114 миллиардтан астам теңге бөлген, бірақ денсаулық сақтау министрлігінің бұл қаражатты игеруінен халық нәтиже көрмей отыр.

"Миллиардтар барлығы ойдағыдай жұмсалған, бірақ теміржол ауруханасының дәл осы дәретханасын ретке келтіруге он мың теңге жетпей қалыпты", – дейді ол.

Сүлейманов мұндай дәретханаға кіру өзіңді қорлау екеніне сенімді. Ол Денсаулық сақтау министрлігіне шағым түсіретінін және мекемелерді тиісті күйге келтірілуін талап ететінін мәлімдейді.

Тағы да оқыңыздар

Жуылған киімдерді балконда кептірудің қауіптілігі туралы білесіз бе

"Ережеге сәйкес, есіктері бар кабиналар болуы керек... Мұндай дәретханадан кейін карантинді бұзғанымыз үшін бізге қалай ғана айыппұл салуға болады?" , – дейді Сүлейменов.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, заңгердің арыз-шағымына Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі жауап берген.

Әкімдіктің мәліметінше, аталмыш аурухана 15 маусымнан бастап инфекциялық стационар ретінде қызмет көрсете бастаған. Аурухана қала билігінің бақылауында емес көрінеді. Сүлеймановтың талаптары Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілген. Олар бұл мәселені бақылауына алған.

Айта кетейік, заңгердің жазбасы Қазнетте қызу талқылануда. Желі қолданушылары жазбаның астына еліміздің басқа ауруханалардағы жағдайды көрсетіп, суретін салып жатыр.

Көптеген адам Қазақстанның басқа ауруханаларында да дәл осындай көріністі байқауға болатынын айтады.

Тағы да оқыңыздар

ДСМ 2 млн қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы аурухана дәретханасының суреті желіде қызу пікірталас туғызды (фото)