RU

Ақмола облысында жағажайлар 3 тамызда ашылуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы қонақ үйлердегі жағажайлар жұмысы ағымдағы жылдың 3 тамызынан бастап қайта іске қосылуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ облыстық туризм басқармасының басшысы Уәлихан Ғабдуллиннің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ақмола облысында жағажайлар 3 тамызда ашылуы мүмкін

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Шенеунік атап өткендей, бүгін аймақтық жедел штабқа аймақтың жағажайларының жұмысын 3 тамыздан бастап қайта бастау туралы ұсыныс түсті.

Айта кету керек, әңгіме жағажай мен қонақ үйлердегі жалданатын жағажайлар жайлы болып отыр. Сонымен қатар, олар моншалар мен бассейндердің жұмысын қалпына келтіру мәселесін қарастырады. Оның айтуынша, ұсыныс келесі бейсенбіде қарастырылу керек.

Ғабдуллин ашылуға дайындықты бүгіннен бастау қажет екенін атап өтті. Ол қонақүй иелерін ашылуға өте мұқият қарауға шақырды. Шенеуніктің айтуынша, сауалнамаға дайын болу үшін әкімдікке хабарласу керек.

Тағы да оқыңыздар

3 тамыздан бастап Қазақстанда қоғамдық көлік іске қосылуы мүмкін

Ведомство басшысы карантиндік шаралардың өз нәтижесін бергенін, бірақ дегенмен мамандардың ұсыныстарын ұстанған жөн екенін алға тартты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысында жағажайлар 3 тамызда ашылуы мүмкін